Жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары
Болашақта жүйе ақпараттық хабарламаларды жіберу үшін, сондай-ақ қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сізге хабарласу үшін телефон нөмірі қажет
Өтініш берушінің нөмірін көрсетіңіз (яғни, өз нөміріңізді), «Қосымша нөмір» жолында – сізге түскен хабарлама туралы тез айта алатын жақын туысыңыздың нөмірін көрсете аласыз
Кез келген. Ең бастысы – қазақстандікі. Негізгі және қосымша телефон нөмірлері үшін әр түрлі операторлардың нөмірлерін пайдаланғаны абзал (бір оператордың жұмысында ауытқулар орын алған жағдайда, хабарлама басқа оператор арқылы түсу үшін)
Қосымша нөмірді енгізу міндетті емес, бірақ, негізі, оны көрсеткені дұрыс. Себебі негізгі нөмір қолжетімсіз болуы мүмкін (мобильді байланыс операторында ауытқулар болуы мүмкін, негізгі нөмірдің жоғалуы және т.б.)
Бұл жолды толтыру міндетті емес. Алайда барлық ықтимал байланыс құралдарын көрсету керек, себебі біреуі қолжетімсіз болғанда, хабарламалар басқа жолдармен түседі
Растау коды – көрсетілген нөмірдің жарамды екенін және сізге тиесілі екендігін тексеру үшін мобильді нөмірге немесе Email-ға SMS түрінде жіберілетін бір реттік төрт санды құпиясөз
Әдетте – 60 секундтан артық емес, растау кодын түсудің орташа уақыты – 3-4 секунд. Егер Код 60 секунд ішінде түспеген болса, онда 90% ықтималдықпен – мүлдем келмейді
Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін – байланыс операторында коммуникациялық ауытқулардың орын алуы, көрсетілген телефон нөмірінің SMS-хабарламалардың жөнелтілуін бұғаттайтын ерекше тізімдерде болуы. Қалай да болса, басқа нөмірді (және басқа операторды көрсетіңіз)
Мүмкін, сіз дұрыс емес Email көрсеттіңіз – енгізілген электрондық мекенжайдың дұрыстығын қайта тексеріңіз. Сондай-ақ пошталық серверіңіз хат-хабарламалардың келуін бұғаттауы мүмкін - "СПАМ" папкасын тексеріңіз